Астанада Есеп комитетінің бұрынғы мүшесі алаяқтықпен сотталды

Астанада Есеп комитетінің бұрынғы мүшесі алаяқтықпен сотталды

Астанада Есеп комитетінің бұрынғы мүшесі алаяқтықпен сотталды
ашық дереккөзі
184
Астанада Есеп комитетінің бұрынғы мүшесі республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. М. республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі бола тұра, Астана қаласы әкімдігі және Тұрғын үй департаментіндегі ықпалды достарының арқасында Астана қаласынан қол жетімді бағада жылжымайтын мүлік алып беруге көмектесемін деп азаматтарға  уәде берген. Сотпен М. алдын ала келісім бойынша А., Ж. және Ж. тұлғалармен, төмендетілген бағамен жылжымайтын мүлікті алып беруге шынайы мүмкіндігі болмасада, алдау жолымен және жәбірленушілердің сенімін теріс пайдалану арқылы азаматтардың жалпы сомасы 40 345 000 теңгені құрайтын ақшалай қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен М. ҚР ҚК 177 бабының 4 бөлігінің б тармағымен рақымшылық актісін қолданумен, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айрылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан 10 жылға айыру арқылы қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеу арқылы сотталды. Дәл осы үкіммен Ж. және Ж. ҚР ҚК 177 бабының 4 бөлігінің Б тармағымен рақымшылық актісін қолдана отырып, қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеу арқылы 6 жылға бас бостандығынан айрылды, сондай-ақ, А. қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеу арқылы 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары