«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Даму Блиц» технологиясына қосылды

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Даму Блиц» технологиясына қосылды

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Даму Блиц» технологиясына қосылды
ашық дереккөзі
221
Мұндай келісімге «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Даму» Қоры арасында қол қойылды. Енді Даму Блиц технологиясы мөлшерлемесі 8,5 пайыздан аспайтын барлық өңірлік қаржыландыру бағдарламаларына енгізілетін болады.    «Халық Банкінің Даму Блиц технологиясына қосылғанына қуаныштымыз. Мұнымен қатар банк «Даму» Қорының бағдарламасымен шектеліп қалмай, шағын және орта бизнеске несие бойынша жылдам шешім керек екенін ескере отырып, нарыққа өз өнімі – «Халық Кәсіпкер-35» жобасын да шығарды. Бұл біздің мақсатымызбен үндес. Қазір нарықта бәсекелестік жоғары. Бұл тайталаста жылдам әрекет ететін банктер озады»,-деді «Даму» Қоры Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов. «Даму Блиц» технологиясы 2016 жылы қаңтар айында Алматы мен Алматы облысында  «Банк KassaNova» АҚ, «Альфа Банк» АҚ және «Банк Астаны» АҚ арқылы қанатқақты жоба ретінде енгізілген еді.  Бұл – «жылдам несие» берудің жаңа технологиясы. Негізінен оңай рәсімдеп, 7 күнге жетпейтін уақыт ішінде қаржыны қолға тигізеді. Бұл технология бойынша жұмыс істейтін барлық менеджерлер консалтингтік компанияда арнайы семинардан өткен. Несие түрлері: Микро кредит – Қазақстанның өңірлері үшін 30 млн теңгеге дейін, Астана мен Алматы үшін 60 млн теңгеге дейін беріледі. Инвестиция үшін 84 айға дейін, айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін. Кем дегенде 6 ай жұмыс істеп тұрған бизнес болуы керек. Старт кредит - 20 млн теңгеге дейін беріледі. Инвестиция үшін 84 айға дейін, айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін беріледі. Бизнестің тіркелгеніне 36 айдан аспауы керек. Екі несие бойынша да мақұлдау уақыты екінші деңгейлі банкке өтінім берген уақыттан бастап 7 жұмыс күнінен аспайды. Қазіргі кезде Даму блиц технологиясы 15 өңірдегі екінші деңгейлі 14 банкте қолданылып келеді. Салынған қаражаттың жалпы сомасы 29 млрд теңгеге жетті. Бүгінде жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 116 жоба мақұлданған.  

Серіктес жаңалықтары