Қырғызстанда президент болғысы келетіндер саны 25-ке жетті

Қырғызстанда президент болғысы келетіндер саны 25-ке жетті

Қырғызстанда президент болғысы келетіндер саны 25-ке жетті
ашық дереккөзі
330
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, 2017 жылдың 13 шілдесіндегі жағдай бойынша мемлекет басшылығына үміткер ретінде 25 арыз түскен. Олардың ішінде төртеуі саяси партиялар атынан түссе, қалғандары өздерін өздері ұсынған. Партияның кейбір лидерлері де өздерін ұсынған. Солардың ішінде қазіргі кезде үстінен қылмыстық іс қозғалған «Ата Мекен» партиясының лидері Өмірбек Текебаев және «Республика - Ата жұрт» партиясының жетекшісі Өмірбек Бабанов бар. Мемлекеттік тіркеу қызметінің басшысы Дастан Догоевтың мәліметі бойынша, президент сайлауына шамамен 3 млн сайлаушы қатысады деп күтіледі. Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Үміткерлер 1 тамызға дейін өтініш беру керек.  

Серіктес жаңалықтары