«Қорғас» ШЫХО аумағында жаңа нысандар салынады

«Қорғас» ШЫХО аумағында жаңа нысандар салынады

«Қорғас» ШЫХО аумағында жаңа нысандар салынады
ашық дереккөзі
245
«Қорғас» ШЫХО аумағында бой көтеретін жаңа инвестициялық нысандардың құрылысы жөнінде келісімдерге қол қою шаралары өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Қорғас» ШЫХО» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қорғас» ШЫХО» АҚ және «Happyland Khorgos» ЖШС,  «Қорғас» ШЫХО» АҚ  және «Premium Construction» ЖШС арасында инвестициялық келісімдер жасалды. «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Қахарман Джазин жасалған келісімдердің Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың соңғы маусым айындағы тапсырмаларының ішіндегі ең маңыздысы екендігін атап өтті. Ол жиналғандарға барлық жұмыстар құрылыс талаптары мен ережелеріне сай болуыға тиіс екендігін ескертті. «Ойын-сауық және сауда инфрақұрылымдарын дамыту туристер легін ынталандырады, бұл ретте қонақүйлер қызметіне сұраныс артады. Егер туристер орталықта ұзақ уақытқа қалғылары келсе, біршама қиындықтар туындайды. Өйткені, ең жақын қонақүйлер тек Жаркентте, оның өзі 30 км қашықтықта», - деді «Premium Construction» ЖШС директоры Төлеген Қарлыбай. Жүргізілген инвестициялық байқаулар барысында төрт инвестормен келісімдер жасалды.

Серіктес жаңалықтары