ЭКСПО-ның демалыс күнгі билеттері арзандады

ЭКСПО-ның демалыс күнгі билеттері арзандады

ЭКСПО-ның демалыс күнгі билеттері арзандады
ашық дереккөзі
308
Ертең, 15 шілдеден бастап ЭКСПО көрмесінің билет бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіледі. Енді, билеттер жұмыс және демалыс күнгі болып бөлінбейді. Барлығы бір бағамен - 4 мың теңгеге сатылады. Бұрын демалыс күнгі билеттің бағасы 6 мың теңге болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркімбаевтың айтуынша, сатылымда билеттің үш түрі қалады. Бұрынғыдай 4 мың теңгенің нақты датасы бар билеті сатылады. Ашық датасы бар билеттердің құны - 6 мың теңге, ал кешкі билет 2 мың теңгеден сатылады. Оны да кез келген күнге алуға болады. «Осылайша, біз демалыс күндеріне арналған билетті алып тастап отырмыз. Сонда жай билеттер және кешкі билеттер қалады. 50 пайыздық жеңілдіктер де сақтала береді», - дейді Еркімбаев. Бұдан бөлек, 15 шілдеге дейін сатып алынған билеттерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, ашық датасы бар билет демалыс күнге алынса, онымен көрмеге екі рет кіруге болады. Ал дәл сол билеттің нақты датасы болса, тағы бір билетті 1 мың теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Абонементтердің бағасы да екі есеге азайды. 50 мың теңгелік абонементті 25 мың теңгеге сатып алуға болады.  Айта кетейік, осы уақытқа дейін ЭКСПО - 2017 көрмесіне 1,86 млн билет сатылды.  

Серіктес жаңалықтары