Кабулде жарылыс болды: 24 адам қаза тауып, қырықтан астамы жараланған

Кабулде жарылыс болды: 24 адам қаза тауып, қырықтан астамы жараланған

Кабулде жарылыс болды: 24 адам қаза тауып, қырықтан астамы жараланған
ашық дереккөзі
363
Кабулдегі жарылыстан кем дегенде 24 адам қаза тауып, қырықтан астам адам жараланған. Биліктің хабарлауынша, жанкешті мемлекеттік қызметкерлер мінген автобусқа шабуылдаған. Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништің France-Presse ақпарат агенттігіне хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Ауғанстан астанасының батысында тіркелген. Шабуылдан тау-кен өндірісі министрлігінің қызметкерлерін таситын автобус зақымданған. Ресми мәлімет бойынша, жанкешті шабуыл көзінде өлген. Куәгерлердің хабарларына қарағанда, автокөлік автобусқа барып соқтығысқан. Жарылыс салдарынан автобус өртенген. Автобус ішінде мемлекеттік қызметкерлерден басқа жолаушылар бар-жоғына қатысты мәлімет берілмеді.

Серіктес жаңалықтары