"Өзбекстан 24" арнасы эфирге шықты

"Өзбекстан 24" арнасы эфирге шықты

"Өзбекстан 24" арнасы эфирге шықты
ашық дереккөзі
506
Ұлттық ақпараттық-сараптамалық "O‘zbekiston 24" телерадиоарнасы 24 шілдеден бастап тәулік бойы хабар тарата бастады. Арна жабылып қалған Diyor арнасының жиілігін алды. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, эфир Өзбекстан әнұранымен басталды. Одан соң ұжым өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде амандасты. Бір сағат бойы арнаның жұмысы туралы, танымал адамдардың құттықтаулары көрсетілді. Олардың арасында Қазақстан және Үндістан елшілері, спортшылар, ғалымдар, журналистер бар. Телеарна қызметкерлері "ұйқыдан қайта оянып жатқан елдің" жетістіктерін көрсететін уақыт келгенін айтты. "Өзбекстан 24" телеарнасы президент Шавкат Мирзияевтің туған күні эфирге шықты. 24 шілдеде өзбек президенті 60 жасқа толды. Арна штатында 251 маман істейді, олардың көбі танымал журналистер. Арна шетелдерде тілшілер бөлімдерін ашуды көздеп отыр.  

Серіктес жаңалықтары