3D-жабдықтар әскери салада да қолданылмақ

3D-жабдықтар әскери салада да қолданылмақ

3D-жабдықтар әскери салада да қолданылмақ
ашық дереккөзі
282

Елімізде әскери салада да 3D-жабдықтар қолданыла бастады. Мұндай мәліметті ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Бүгінгі таңда 3D-жабдықтарды жасау дамыған елдерде қарқынды түрде қолданысқа еніп келеді. Сондықтан, қазір отандық әскери қызметкерлер ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында құрылған инженерлік-техникалық нұсқадағы жаңа жоңары технологиялық зертханада 3D-жабдығында әскери техниканың толық және жеке үлгілерін құрастыруды үйренуде. Аталмыш зертхана арнайы қорғанысты-өндірістік кешендегі жаңартылған өнімдерді пысықтау және әскери техника үлгісіндегі қару-жарақты жаңартуға арналып жабдықталған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде: «Аталған 3D-жабдығы кез келген нысанды оның 3D-редакторының көмегімен манипулация мүмкіндігі арқылы көшіріп алып, жаңартып жасай алады. Мұнда күрделі үлгілерді құрастырып шығару және жетілдіру кезінде барынша жоғары деңгейде шолу жасауға мүмкіндік жасалған. Бұл жерде қажетті нұсқалар және қызметтік үлгідегі прототиптерді құрастырып, оларды зерделеуге, сондай-ақ, толық іс жүзінде пайдалануға болады», – делінген.

Серіктес жаңалықтары