Алматы облысында ұшақ құлады

Алматы облысында ұшақ құлады

Алматы облысында ұшақ құлады
ашық дереккөзі
117
Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза болды. Алматы облысында Жаркенттен 10 шақырым жерде ұшақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында "Казавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. Жаркенттен 10 шақырым жерде. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатқан. Тергеу басталды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растады. Оның айтуынша, ЯК-12 ұшағы құлап, артынша өртенген. Бортта ұшқышпен бірге тағы екі адам болған, екеуі де қаза болды.

Серіктес жаңалықтары