Роухани екінші мерзімге президент қызметіне кірісті

Роухани екінші мерзімге президент қызметіне кірісті

Роухани екінші мерзімге президент қызметіне кірісті
ашық дереккөзі
216
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Хассан Роуханидің Иран президенті болып сайланғанын ресми түрде мақұлдады. "Сайлау қорытындысын растаймын және сізді республика президенті етіп тағайындаймын" деді Хаменеи 3 тамызда Тегеранда өткен инаугурацияда. Президентті ұлықтауға ирандық шенеуніктер мен шетелдерден ресми өкілдер қатысты. Өзін ұстамды саяси күш өкілі санайтын 68 жастағы Роухани мамырда өткен президент сайлауында жеңіп шыққан. Ол 5 тамызда парламентте қызметіне кірісуіне байланысты ант қабылдайды.  

Серіктес жаңалықтары