Жас балуандар әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады

Жас балуандар әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады

Жас балуандар әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады
ашық дереккөзі
269
Еркін күрестен жас балуандарымыз әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады. Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншігінде балуандарымыз жүлдесіз қалды, деп қабарлайды Қазақпарат тілшісі. Ел намысын қорғауға аттанған балуандарымыздан 50 келі салмақта сынға түскен Рахат Қалжан алғашқы айналымда молдовалық Лон Топаланы 11:0 есебімен ойсырата ұтты. Екінші белдесуінде  АҚШ балуаны Малик Шон Хайнселманды 8:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, жартылай финалда армениялық Карен Зурабяннан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Ал қола медаль үшін таласта отандасымыз моңғолиялық балуанға есе жіберіп жүлдесіз қалды. 55 келі салмақта Қуатбек Мұхамед, 60 келі салмақта сынға түскен Аслан Қуанышбеков,  74 келі салмақтағы Жақсылық Сұлтан, 84 келідегі Алмас Жүніс,  120 келі салмақта  Әділбек Ботабек бірінші белдесуінде қарсыластарынан ұтылып жарысты ерте аяқтады. 96 келідегі Әлішер Ерғали бірінші белдесуінде молдовалық балуанды ұтып, екінші белдесуінде АҚШ балуанына жол берді. 55 келі салмақта күрескен жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы Қуатбек Мұхамедке зор үміт артқан едік. Алайда, Қуатбек алғашқы айналымда ирандық балуаннан 4:5 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. 66 келі салмақта Дархан Есенғали бірінші белдесуінде финляндиялық қарсыласын ұтқанымен 1/8 финалда армениялық балуанға есе жіберді. Командалық есепте ресей 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен көш бастаса, АҚШ 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаьмен екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті 1 алтын 2 қола медаль жеңіп алған Әзербайжан балуандары түйіндеді.

Серіктес жаңалықтары