Мәскеу соты экс-экономика министрі Алексей Улюкаевтың ісін қарауды бастады

Мәскеу соты экс-экономика министрі Алексей Улюкаевтың ісін қарауды бастады

Мәскеу соты экс-экономика министрі Алексей Улюкаевтың ісін қарауды бастады
ашық дереккөзі
436
Мәскеу соты экс-экономика министрі Алексей Улюкаевтың ісін қарауды бастады. Мәскеудің Замоскворецк сотында сәрсенбі күні экономиканы дамыту министрі болған Алексей Улюкаевтың ісі қаралады. Оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл айыпқа қатысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Тергеу ісі бойынша, Улюкаев "Башнефть" компаниясын сатып алу ісі бойынша екі миллион доллар пара сұраған. Ол былтыр қараша айында "Роснефть" компаниясының кеңсесінде ұсталған. Улюкаев ісінде "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің де аты-жөні бар. 8 тамызда өткен алдын ала сот тыңдауында Улюкаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді. Ол бұл істі арнайы қызметтің өзіне қарсы жасаған арандату әрекеттері деді. Сот сонымен бірге экс-министрді үйқамақта ұстауды келесі жылдың 27 қаңтарына дейін созды.  

Серіктес жаңалықтары