Өзбекстанда Ангрен әкімі мақта алқабынан фотоесеп талап еткен

Өзбекстанда Ангрен әкімі мақта алқабынан фотоесеп талап еткен

Өзбекстанда Ангрен әкімі мақта алқабынан фотоесеп талап еткен
ашық дереккөзі
261
Өзбекстанда Ангрен әкімі мақта алқабынан фотоесеп талап еткен. Ташкент облысы Ангрен қаласының әкімі мемлекеттік кәсіпорынның жетекшілерінен қызметкерлерінің мақта теруге шыққанын дәлелдейтін фотоесебін жіберулерін талап еткен. Ангрен қаласының әкімі Хакимжан Абдулазизов 30 тамызға дейін мақта теруге шыққандардың тізімі мен суреттерін жіберуді талап еткен. Бұған дейін Самарқанд облысының әкімі Туробжон Жураев жергілікті кәсіпорын жетекшілеріне мақта теруге шығатын 50 адамнан тұратын жасақ жинауды тапсырған. Ал жекеменшік компания басшыларына барлық қызметкерлерін мәжбүрлі түрде мақта теріміне шығуды тапсырған. Ал Наманған облысының әкімі Хайрулло Бозоров бұдан былай дәрігерлер мен мұғалімдерді мақта алқабына шығару тоқтатылады деп уәде берген. Сурхандария облысының әкімі Эркинжон Турдимов та осылай уәде берген. Мақта тақырыбы жергілікті билік үшін "өте нәзік". Себебі жыл сайын көптеген халықаралық ұйымдар балалар еңбегін мәжбүрлі түрде пайдаланып жатыр деп өзбек билігін айыптап келеді.  

Серіктес жаңалықтары