Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонына келген миллионшы адам тіркелді

Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонына келген миллионшы адам тіркелді

Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонына келген миллионшы адам тіркелді
ашық дереккөзі
151
Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонына келген миллионшы адам тіркелді. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» медиа-орталығының мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халықаралық көрме басталғалы «Нұр Әлем» сферасы «ЭКСПО-2017» аумағында адамдар ең көп баратын нысандардың көшін бастап тұр. Күн сайын онда 10 мыңнан 28 мыңға дейін адам қабылданады. Көрме кезінде, яғни жаз айларында сфераға 50-ге тарта мемлекет және үкімет басшылары  барды. Қазақстанның ұлттық павильоны «Нұр Әлем» «ЭКСПО-2017» көрмесінің сәулеттік символы болып табылады. Әлемдегі ең үлкен сфералық нысанның диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метрге тең. Құрылымның қасбетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сонымен қатар сфераның жоғарғы жағында 2 жел генераторы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары