Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өз киімдерінің сән көрсетілімін өткізеді

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өз киімдерінің сән көрсетілімін өткізеді

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өз киімдерінің сән көрсетілімін өткізеді
ашық дереккөзі
277
Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өз киімдерінің сән көрсетілімін өткізеді. Ақтөбедегі «Туған жер» форумына келген волейболшы Сәбина Алтынбекова өз киімдерінің сән көрсетілімі өткілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбеде өткен «Туған жер» форумына волейболшы Сәбина Алтынбекова да қатысты. Барлығы 20 елден 300-ден астам ақтөбелік шақырылған форумға әлемнің әр түкпірінде жүрген отандасымыз келді. «Мен Ақтөбеде дүниеге келдім, оқыдым. Сондықтан форумға шақыру түскен кезде қуана қабылдадым. Тек қатысу ниетінде емес, туған жердің дамуына үлес қосу үшін келдім. Қазір қалада волейбол клубын ашылуы туралы сұрақтар қаралып жатыр. Алдағы уақытта бұл жоба қолдау тауып, іске асырылады деген сенім бар. Сол кезде мен де спорттың дамуына үлес қосамын»,- деді ол. Сәбина Алтынбекова қазіргі уақытта Алматыда жаңа волейбол маусымына дайындық жүргізіп жатыр. Ол бар уақытын спортқа арнап, дайындық жүргізеді. Себебі, басты мақсаты - мықты спортшы болу. Сәбина Алтынбекова шығармашылық жұмыстарын қатар алып жүруді жоспарлап қойған. Ақтөбеге сапары кезінде өңірде киімдер топтамасының көрсетілімін жасауға дайындалып жатқанын жеткізді. Еске сала кетсек, волейболшы Zibroo Sportswear брендімен бірлесе киімдер топтамасын дайындады. Киімнің логотипі Сәбинаға арналып S20 болды. Киімдер топтамасына спорттық костюмдер енген. «Бұл костюмдер тек Қазақстанда шығарылады. Алдағы уақытта жаңа бренд кең танылып, сатылу аумағы кеңейеді деген сенім бар»,- деді ол. Еске салсақ, Сәбина Алтынбекова Тайванда өткен Азия чемпионатында БАҚ назарына ілікті. Бірнеше фотосуретінен соң оны әлем таныды. Әсіресе, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда спортшының аты жиі аталды. Ал 2015 жылдың көктемінде жапониялық клубтың қатарына алынып, біліктілігін арттырды. Осы жылдың наурыз айында «Алматы» клубына қайта оралды.

Серіктес жаңалықтары