Ақтөбелік әйел отбасын асырау үшін жыл сайын құрсақ көтереді

Ақтөбелік әйел отбасын асырау үшін жыл сайын құрсақ көтереді

Ақтөбелік әйел отбасын асырау үшін жыл сайын құрсақ көтереді
ашық дереккөзі
316

Ақтөбеде тұратын тұрмысы төмен әйел балаларын асырау үшін жыл сайын құрсақ көтереді екен.  Талшын Баймаханова басқа амалы болмағандықтан бес бүлдіршінін балалар жәрдемақысына асырауға мәжбүр. Бұл туралы «31-арна» хабарлады. Отбасымен қабырғасы жартылай құлаған, жылуы жоқ үйде тұратын Талшын Баймаханова алтыншы сәбиіне жүкті екен. Көп балалы ана тағы бір шарананы жағдайының жақсарғанынан емес, жәрдемақы үшін өмірге әкелмекші. Кенже қыздары Інжу мен Маржан бір жастан асқандықтан мемлекеттен бала күтімі бойынша берілетін мерзімдік қаржының уақыты тоқтатылыпты. Сондықтан тағы бір «қаржы көзін» дүниеге әкелуге бекініп отыр. Қазір Қаражановтар шаңырағының негізгі асыраушылары – балалар. Төрт баладан көп отбасы болғандықтан әулет айына сегіз мың бес жүз теңге көлемінде жәрдемақы алады. Бұған қоса, жаңа туған нәрестеге күтім жасағаны үшін 11 000 теңге тағы бар. Мемлекеттің көмек ақшасына ұн, қант, май сияқты негізгі азық-түліктер сатып алады екен. Ал ет пен жеміс жидек – бүлдіршіндер үшін таңсық ас. Мұнымен қоса, пешпен жылытылатын сарай ылғал тартқандықтан балалар жиі ауыратын көрінеді. Отағасы Азамат Қаражанов екі қолға бір күрек таппай жүр. Өйткені сегіз сыныптық қана білім бар. Көп балалы отбасына мемлекеттің қарайласар деп үмітті: «Жұмыс істегіміз келеді, ауылдан болсын, балаларды өсіру үшін ойланып отырмыз, тек үйіміз болса, әрі қарай көтеріп жіберсе, әрі қарай кетерміз»,–дейді отағасы.

Серіктес жаңалықтары