560
ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды
ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды
ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды. ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлегенді 2,1 миллион теңге сомасында пара алып жатқан жерінен ұстады", - делінген хабарламада. Ақшалай қаражаттың ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттың ақысы ретінде бөлім басшысы Н.Р.Шалкеевтің араға жүрушілігімен алынғаны айтылады. "6 қазанда Б.Б.Төлеген Шымкент қалалық ІІБ Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өз кінәсін толықтай мойындағаннан кейін Н.Р.Шалкеевке қатысты процесстік ұстау жүзеге асырылған жоқ. Соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ұлттық бюродағылар.