Толассыз жауыннан миллионнан астам Қытай тұрғыны зардап шекті

Толассыз жауыннан миллионнан астам Қытай тұрғыны зардап шекті

Толассыз жауыннан миллионнан астам Қытай тұрғыны зардап шекті
ашық дереккөзі
224

16 мамырдан бері толассыз жауған жаңбырдан Қытайдың оңтүстік, шығыс және орталық аудандарында миллионнан астам тұрғын зардап шекті. Соңғы деректер бойынша, 15 адам қаза тауып, 7 адам із-түссіз жоғалып кетіпті.

Қытай билігі қазір екі мыңға жуық жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге тасымалдаған. Хунань провинциясының Цзянхуа-Яо автономды уезінде жауынның әсерінен жанар-жағармай құю стансасы құлап, екі бірдей адам қаза тапса, Цзянси провинциясында сегіз адам ажал құшып, 1655 үй қирап қалды. Осы аймақтан 65 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Цзянси провинциясының экономикалық шығыны 450 миллион юаньды, яғни, 73 миллион АҚШ долларын құраған. Ал Қытайдың Ганьчжоу қаласында 220 мыңға жуық үй жарықсыз қалып отыр. Гуанчжоудағы Байюнь халықаралық әуежайы найзағай салдарынан 360-тан астам әуе рейсінің уақытын өзгерткен.  Гуанси-Чжуан автономды аймағында бес адам қаза тауып, 6 адам жоғалып кетіпті.

Серіктес жаңалықтары