Түрмедегілерге ішімдік тасымалдаған адам қолға түсті

Түрмедегілерге ішімдік тасымалдаған адам қолға түсті

Түрмедегілерге ішімдік тасымалдаған адам қолға түсті
ашық дереккөзі
260

Өскемен қаласындағы ОВ-156/2 қатаң тәртіптегі түзеу колониясының аумағына спирттік сусын лақтырған азамат қолға түсті. Мұндай заңсыз әрекетке ол екінші мәрте барып отыр. Түрме аумағына тыйым салынған затты енгізгені үшін оған 20 АЕК түріндегі айыппұл салынуы немесе 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. «Тексеру барысында қолға түскен ер адамнан этил спирті құйылған төрт пластмасса бөтелке табылды. Әрқайсысының сыйымдылығы – 0,5 литр», – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Мейіржан Смағұлов. Бұл азамат тәртіп сақшыларының қолына екінші рет түсті. Наурыз айында колония аумағына алкогольді сусындар мен екі ұялы телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталып, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеген болатын. «Айыппұл салынғанына қарамастан заңсыз әрекетке бір жыл ішінде екінші мәрте барғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады немесе әкімшілік құқық бұзушылық нысаны болып табылатын затты тәркілеумен бірге 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», – дейді Смағұлов.

Серіктес жаңалықтары