208
Армян фотографы танымал туындысын сыйламақ
Армян фотографы танымал туындысын сыйламақ
Армян фотографы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің танымал туындысын сыйламақ. Армения президенті Давид Акопянның жеке фотографы өзінің кеңінен танылған туындысын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартпақшы, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Давид Акопян Нұрсұлтан Назарбаевты қалай сәтті ракурста суретке түсіргенін айтып берді. «Біз мемлекет басшыларының кездесу үшін залға өткенін күттік. Осы кезде сол жерден басқа жұмысшылар өтіп жатқандықтан, өзім үшін жарықты реттедім», - деп атап өтті ол. Давид Акопян жеті жылдан бері Армения басшысының жеке фотографы болып жұмыс істейді және оның барлық кездесулеріне, Қазақстан Президентімен бірге өткен іс-шараларға қатысып келеді. «Мен қандай фотокадр алатынымды көз алдыма елестеттім, бірақ мен дәл осылай суретке түсіремін деп ойлаған жоқпын. Шынымды айтсам, мына сурет маған қатты ұнайды», - деді армян фотографы. Давид Акопян Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін кеше кешке өзінің Facebook пен Instagram парақшасына жариялады. «Бұл суретті осылай танымал болады деп ойламадым. Бүгін таңертең Қазақстанға әйгілі болып ояндым. Қазір менің Facebook-тегі парақшамда армяндықтарға қарағанда, қазақстандық достарымның саны көп», - деді ол. Таңертеңнен бері фотографқа қазақстандық журналистер хабарласып жатыр. Давид Акопянның түсірген суретінің тарихы армяндық әріптестерінің де, француздық журналистердің де қызығушылығын оятқан. «Мен бұл суретті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқым келеді», - деп мәлімдеді Армения президентінің жеке фотографы. Давид Акопян туындысын таяуда болатын іс-шараға өз елінің Президентімен барған кезде сыйға тартпақшы.