235
Астанада екінші станция салынбақ
Астанада екінші станция салынбақ
Астананы газбен қамтамасыз ететін екінші станция салынбақ. Тельман табиғи сұйылтылған газымен қайта жабдықтайтын жаңа станция мен газ құбырларын тартуды жобалау жұмыстары басталды.
Бұл Қазақстан Республикасы мен Астана аумағы үшін екінші станция, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы «Global Gas Group» ЖШС-не сілтеме жасап. «Global Gas Group» сұйылтылған табиғи газ (СТГ) технологиясының көмегімен, Astana LNG 2020 жобасының жаңа кезеңі басталғанын хабарлайды. «Бұл газбен жабдықтаудың «құбырсыз» әдісі - яғни дәстүрлі магистральға балама болып табылатын қалаға «үлкен құбырдың» келуін дайындау және қалалық газ құбырлары жүйесін жедел қалыптастыруға мүмкіндік береді, делінген сілтемеде. «Жобаның стратегиялық мақсаты - табиғи сұйылтылған газ технологиясының базасында газбен жабдықтаудың инфрқұрылымын жасау және табиғи газ тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету. Жекеменшік үй шаруашылығы, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен басқа да тұтынушылар жылудың шығынын және ыстық су жабдығы мен тамақ дайындаудың шығынын өтей алады», - дейді Astana LNG 2020 жобасының негізін қалаған Олег Гончаров. 2017 жылдың қазан айының алғашқы жартысында Тельман СТГ қайта жабдықтаудың екінші станциясын жобалау басталды. Станция Астананың оң жағалауынан Н.Назарбаев әуежайына дейін жалғасады. Оны пайдалану 2018 жылдың аяғына жоспарланып отыр. «Тельманды газбен қайта жабдықтау кешені Тұран бірінші станциясынан өзгешелеу болмақ. Онда сұйылтылған табиғи газ қорын тұтынушыларға 10 күнге дейін сақтауына мүмкіндік береді», - дейді Global Gas Regazification директоры Панаёт Саулиди. Тельман газ кешені Тұран станциясымен түйістіріліп, газбен жабдықтау жүйесін сенімді ете түспек. Жобада ұзақтығы 15 км шақырымды құрайтын газ құбыры қарастырылған. Жаңа станцияның қуаты - сағатына 15 000 м3. Бұл кәсіпорындарды үздіксіз экологиялық жанармаймен қамтуға, атмосфераға жанған қалдық заттарды төкпеуді азайтады. Газбен жабдықтау аумағында орналасқан әуежай, жекеменшік және ірі мемлекеттік тұтынушылар, велотрек, «Алау», «Барыс Арена» спорт кешендері газға ауысуды күтіп отыр. Осылайша Тұран мен Тельман кешендерінің жұмысы жылына бюджеттің 5 миллиардқа дейін ақшасын үнемдемек. Еске сала кетейік, 2017 жылы ақпанда Тұранды газбен қайта жабдықтау кешенінің Астанадағы ең бірінші газ құбыры жіберілген болатын. Оның ең алғашқы тұтынушысы Назарбаев университеті болды.