Түркітілдес елдерге ортақ навигациялық карта жасау ұсынылды

Түркітілдес елдерге ортақ навигациялық карта жасау ұсынылды

Түркітілдес елдерге ортақ навигациялық карта жасау ұсынылды
ашық дереккөзі
1324

Әзербайжан мемлекеті түркітілдес елдердің бірыңғай навигациялық картасын жасау туралы бастама көтерді. Бұл туралы журналистерге осы елдің мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев хабарлаған. Министрдің сөзіне сенсек, аталған картаны министрліктің тапсыруымен әзербайжандық SINAM компаниясы жасаған GoMap.az электрондық картасы негізінде жасаған жөн. "Әзербайжан, Түркия және Грузияның навигациялық карталары дайындалды. Жобаға Қазақстан, Қырғызстан және өзге де түркі тілдес елдер қосылса, түркі тілдес елдердің бірыңғай навигациялық картасы жасалуы мүмкін", – деді ол. Айта кетейік, GoMap.az картасы – Әзірбайжан үкіметі қабылдаған және ел ішінде жаппай қолданылатын жалғыз карта. Онда мемлекеттің мәдени ескерткіштері мен тарихи орындары көрініс тапқан.

Серіктес жаңалықтары