Ақмола облысында мыңға жуық киіктің өлексесі табылды

Ақмола облысында мыңға жуық киіктің өлексесі табылды

Ақмола облысында мыңға жуық киіктің өлексесі табылды
ашық дереккөзі
412

Киік қырғыны Ақмола облысында да тіркелді. Облыс аумағынан бір мыңға жуық киіктің өлексесі табылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қырылып қалған ақбөкендер Қостанай облысымен шекаралас Жарқайың ауданының Құмсуат селолық округі және Жақсы ауданының Терісаққан селолық округі аумағынан табылды. Қазіргі кезде осы аумақта аталған аудандардың жедел тобынан құрылған комиссия жұмыс істеп, қырылып қалған киіктердің нақты санын анықтауда. Сондай-ақ, Жақсы аудандық ветеринарлық-санитарлық қызметі жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатында эпизоотиялық зерттеу жүргізуде. Ал Қостанай облысындағы өлген киіктердің саны күннен күнге артуда. Кеше облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері облыстағы қырылған киіктер саны 28 мыңнан асып кеткенін хабарлаған еді. Нақтырақ айтсақ, өлексенің саны 27 мың 681-ге жеткен. Алдын ала болжам бойынша жануарлардың қырылуына пастереллез індеті себеп болуы мүмкін. Аталған қоздырғыш жануарлардың ағзасында табиғи қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуінен пайда болады. Дала жануарларының қырылу фактісі Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында мамыр айының 11-інде анықталған еді. Сол кезден бастап аумақта арнайы штаб құрылып, ақбөкендердің өлекселерін жою жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары