«Astana Media Week»: Қазақстан және шетел арасындағы медиаүндесу алаңы

«Astana Media Week»: Қазақстан және шетел арасындағы медиаүндесу алаңы

«Astana Media Week»: Қазақстан және шетел арасындағы медиаүндесу алаңы
ашық дереккөзі
387
2017 жылдың 4-6 қазанында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдықтарын орындау мақсатында, ҚР-ның Ақпарат және Коммуникация министрлігінің бастамасымен елімізде тұңғыш рет өткізілетін Astana Media Week қазақстандық медиаапталығы өтті. Astana Media Week ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ақпарат және Коммуникация Министрлігі және ЖШС «Қазмедиа орталығы» болып табылады. Кең форматты салаланған шараның сериясы ретінде қазақстандық медиаапталық «Astana Media Week» отандық медиамагнаттар мен БАҚ өкілдерін ғана емес, сондай-ақ шетелдік әріптестерімізді де бір ортаға жұмылдырды. Бүгінде бұл шара Орталық Азиядағы ең ірі медиа оқиғалардың бірі ретінде қабылданды. Шараның мақсаты – өңірлік деңгейде индустриядағы кәсіби қарым-қатынасты дамыту, отандық медиасфераны өркендету болып табылады. Astana Media Week-тің бірінші күні «Контент-маркет» деген атаумен басталды.  Сонымен қатар, алғашқы күні медиа контентке тапсырыс берушілердің, өндірістің және жеке нарық өкілдері, ірі телевизиялық және радиокомпаниялар: продакшн-студиялардың, шығармашылық ұжымның, продюсерлік орталықтардың, музыка және кино салаларындағы авторлық жобалардың арасында пәрменді диалогтық алаң құруға мүмкіндік берді. Қазақстанның алғашқы медиа басшыларымен медиаөндірістің перспективаларын талқылаудан басқа, осы күн шеңберінде құрылған диалогтық және келіссөздер алаңы бизнес-байланыстар, әртүрлі форматтағы тиімді қатынас, бірқатар мастер-кластар аясында жаңа дағдылар табу және панельді пікірталастарға медиа нарықтың заманауи дамуының ең өзекті мәселелері бойынша қатысу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Медиааптаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты. Жалғасын тақырыптық баяндамалар «ТВ және ТВ бағдарламалар» (Хабар, Қазақстан, 31 арна, 7 арна, КТК, Хабар21, Қазмедиа) арналары өз медиаөнімдер туралы пікірлер жалғастырылып, «Кино және сериал», «Радио», «Шоубиз» бағыты қарастырылды. Акишев Серік, Ләйлә Сұлтанқызы, Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани және т.б. баяндама жасады. Шараның екінші күні Astana Digital Forum атауымен жалғасын тапты. Шараның ұйымдастырушысы ретінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы медиакомпаниялардың бірі – Select Communication Group өз үлесін қосты. Бұл күні халықаралық деңгейдегі кең ауқымды сұрақтарға жауап таба алатын спикерлер баяндама жасады. Сандық маркетинг құралдарынан бастап криптовалюта нарығына шолуға дейін пікір алмасу мүмкіндігімен – халықаралық деңгейдегі спикерлердің сөз сөйлеуіне арналған. Негізгі бағыты қазақ тілді БАҚ өкілдері. Мысалға, Бас редактор клубы «Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік бойынша коммуникациялық менеджмент» атты семинар өткізіліп, ҚР-ның Ақпарат  және Коммуникация министрі Д.А. Абаев қазақ тілді журналистермен пікір алмасты. Медиа шараның үшінші күні «Өңірлік медиа форум» деген атаумен өңірлік журналистикаға арналды. Бұл күнгі шара ұлттық БАҚ-тағы мерзімді басылым нарығының даму жолдары туралы пікірлер айтылып,  қиындықтары мен мүмкіндіктері өту кезеңі жаңа конвергенттік формаға көшу деңгейі сөз етілді. Өңірлік БАҚ-тың бүгінгі ахуалы, проблемалары мен жаңа технлогияларды игерудегі деңгейі, өңірлік халықтың ақпаратпен қамтамасыз етулі үрдісі талқыланып, осы күні «Үздік баспасөз қызметі - 2017» марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш шараға, 2000-нан астам отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, 103 спикер қатысты. Медиаапталық 10 өз аумағында 10 шараны қамтыды: «Контент-маркет», Media Talks, PR күні, Astana Digital Forum, өңірлік БАҚ, Дипломатиялық корпустың өкілдері үшін ашық есік күні, қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг, коммуникациялық менеджмент бағыты бойынша семинар-тренинги, продакшн-питчинг және «Үздік баспасөз қызметі - 2017».  «Astana Media Week» медиаапталығы туралы ақпарат еліміздің бірнеше БАҚ-да жариялып, 24.kz, sputniknews.kz, Хабар арнасы, nur.kz, 31 телеарна, zakon.kz, kapital.kz, kazakh-tv.kz, Қазақстан телеарнасы, tengrinews.kz және т.б. БАҚ-нан қолдау тапты. Болашақта еліміздің медиаиндустрия саласының дамуы үшін осындай шаралар өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Дана Байгожина 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ,

Журналистика және саясаттану

факультетінің 1 курс докторанты

Серіктес жаңалықтары