"Мейвезер Головкинді жеңе алмайды"

"Мейвезер Головкинді жеңе алмайды"

"Мейвезер Головкинді жеңе алмайды"
ашық дереккөзі
280

Флойд Мейвезердің Геннадий Головкинмен кездесу өткізуі мүмкін емес. Бұл Головкинмен жұдырықтасқан ағылшын боксшысы Мартин Мюррейдің ойы. Бұл туралы «Вести.кз» порталы хабарлады.

Мартин Мюррей Мейвезердің Головкинді жеңетін мүмкіндігі жоқ екенін айтады. «Головкинді жеңетін адамның болуы мүмкін. Дегенмен, ол Мейвезер емес. Головкин оған қарағанда ірі әрі күштірек. Қазақстандық Мейвезерден екі салмақ дәрежесіне жоғары категорияда өнер көрсетеді. Екеуі де өз категорияларында үздік. Мейвезер рингтегі соңғы жекпе-жегін жеңіспен аяқтауға тырысады. Головкин ол үшін тым үлкен тәуекел. Олардың жекпе-жек өткізуі мүмкін емес», – дейді ағылшын боксшысы. Мюррейдің ойынша, әзірге орта салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тең келетін қарсылас жоқ. Өйткені Геннадий Головкиннің бойында бір-бірін толықтырып тұратын бірнеше қасиет бар екендігін айтады Мюррей.

Серіктес жаңалықтары