Экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамуда 

Экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамуда 

Экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамуда 
ашық дереккөзі
280
Апта басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы экономиканың қазіргі жағдайында мұндай басқосудың маңызды екенін айтты. Ал Дмитрий Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. «Біз достас Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл – шын мәнінде, Сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай қарқынды түрде дами түседі деп сенемін», – деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы. Кездесу соңында Дмитрий Медведев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді. Сондай-ақ, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасының жобасын талқылау, трансшекаралық өзендер мен көлдерде кеме қатынасын дамыту, үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісімшарттарды қабылдау, сондай-ақ еңбек ресурстарының ортақ нарығын құру әңгіме болды.    

Серіктес жаңалықтары