Астанада оқушыны көлік қағып кетті

Астанада оқушыны көлік қағып кетті

Астанада оқушыны көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
240

Бүгін сағат 12 шамасында Астана қаласында соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны көлік қағып кетті. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы қатты жылдамдықпен келіп қаққан.

Қайғылы жағдайдың нәтижесінде 2003 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында көз жұмды. Ал қымбат көліктің жүргізушісі 1983 жылы туған Астана қаласының тұрғыны. Қазір бұл іспен Астана қалалық ІІД қызметкерлері айналысуда. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Енді 345-бап бойынша «Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян әкелу немесе адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдаланғаны» үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеуге қажетті сараптамалар әзірленген.

Серіктес жаңалықтары