289
Қауіпсіздік мәселесінің жаңа қырлары
Қауіпсіздік мәселесінің жаңа қырлары
Бүгінгі дүрбелеңге толы заманда қауіпсіздік мәселесі өзектілігін жойған емес. Алыс-жақын елдерде тіркелген түрлі қақтығыстар мен қайғылы оқиғалар сақтық шараларына баса көңіл бөлу керектігін ескертеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаһандық факторларды қамтитын өзекті мәселелер, сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың қазіргі ахуалы талқыланды.
– Біз бүгін еліміздің барлық күштерін түрлі төтенше жағдайларға қарсы тұруға және жұмылдыруға дайындығын талқылайтын боламыз. Сонымен қатар Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің рөлі мен мәртебесін одан әрі арттыру жөніндегі мәселелер қарастырылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кеңесте Елбасы EXPO – 2017 халықаралық көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті ойдағыдай қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты. Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.