Байқау мәресіне жетті

Байқау мәресіне жетті

Байқау  мәресіне жетті
ашық дереккөзі
198
Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1924 жылы қаланған. Мұражай экспедициялар мен қала тұрғындары көмегімен толықтырылса да, үнемі ізденіс үстінде. Бүгінде мұражайдағы көрме қойылымдарының саны 350 мың экспонаттан асады. Экспедиция жұмыстары ұйымдастырылғалы әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын 600-ден астам археологиялық ескерткіштер ашылды және ішінара зерттелді. Залда тас, қола және темір ғасырлары бойынша көрме қойылымдары көрсетілген. Олардың ішінде энеолит дәуіріне жататын және әлемге танымал әрі бірегей болып табылатын Ботай қонысына арналған материалдар келушілердің қызығушылықтарын тудырады. «Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы» залында сол заманның танымал тарихи тұлғалардың бейнелері – Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек, заңнаманың негізін қалаушы Тәуке хан, атақты қазақ билері Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке би суреттемелері ұсынылған. Бұл залдағы басты орынды Орта жүз ханы Абылайдың өмірі мен билік жүргізген кезеңдерін бейнелейтін материалдар алып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында мұражай экскурсоводтарының байқауы дәстүрлі түрде өтіп келеді. Жақында «XXI ғасыр. Солтүстiк Қазақстан облысы» атты Солтүстiк Қазақстан облысы мұражайлары экскурсоводтарының IV облыстық байқауы өз жеңімпаздарын анықтады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер» бағыты шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттамасы мәдениет басқармасының қолдауымен «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенiнде «XXI ғасыр. Солтүстiк Қазақстан облысы» атты байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті белгіленді. Экскурсия жүргiзушiсi рөлiнiң маңыздылығын және мұражай iсiнiң мәртебесiн көтеру, қазiргi қоғамдағы мұражай маңызын баяндау, мемлекеттiк тiлдi қолдау саясаты, тәжірибемен алмасу, бiлiктiлiктi арттыру көзделген. Байқауға тарихи-өлкетану, мемориалдық және көпшілiк мұражайлар экскурсия жүргiзушiлерi қатысты. Үш кезеңнен тұрған байқау «Визит карточкасы», «Жаңалық. Оқиға. Адамдар», «Шапшаңдық» деген аталымға бөлінді. Әдiлқазы алқасы құрамы байқауға қатысушылардың дайындық деңгейін бағалап, орын алған жүлдегерлердi дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Әдiлқазылар алқасының шешiмi бойынша 1-орын Назгүл Бейсембинаға, 2-орын Елена Коровинаға, 3-орын Жансұлу Бикеноваға бұйырды. Сондай-ақ, «Кәсiбiне адал» аталымына Лаура Амрина ие болды.  

Серіктес жаңалықтары