Мирзияев Орталық Азия елдері басшылары қауымдастығын құруды ұсынды

Мирзияев Орталық Азия елдері басшылары қауымдастығын құруды ұсынды

Мирзияев Орталық Азия елдері басшылары қауымдастығын құруды ұсынды
ашық дереккөзі
341
Өзбекстан Орталық Азия елдерінің басшылары қауымдастығын құруды ұсынды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай бастаманы президент Шавкат Мирзияев "Орталық Азия: бір тарих және ортақ болашақ" халықаралық конференциясында ұсынды. Форум бүгін Самарқанда басталды. "Аймақтағы әріптестікке көңіл бөлу қажет. Соған байланысты Орталық Азия елдері басшылары мен кәсіпкерлердің қауымдастығын құруды ұсынамын", - деді Мирзияев. Оның пікірінше, осындай механизм аймақ елдерінің индустриалдық және инвестициялық мүмкіндіктерін қолдануға жол ашады. Бұған қоса, Мирзияев жыл басынан бері Өзбекстанның аймақтың басқа да елдерімен тауар айналымы 20 пайызға өскенін атап өтті. Еске салайық, конференцияға аймақ елдерінің сыртқы істер министрлері, БҰҰ, Еуропалық Одақ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ. ТМД және басқа да ұйымдардың өкілдері, барлығы 500 өкіл қатысты.

Серіктес жаңалықтары