Отандық хирургтар науқастың тілін кесіп тастады

Отандық хирургтар науқастың тілін кесіп тастады

Отандық хирургтар науқастың тілін кесіп тастады
ашық дереккөзі
392

Отандық хирургтар қатерлі ісікке шалдыққан науқастың тілін кесіп тастады. Бұл  туралы 24.kz хабарлады.

Белгілі болғандай, науқастың тілінен қатерлі ісік анықталып, оны кесуден басқа амал болмаған. Дәрігерлер тұрғынға тілінің орнына тоқпан жілігінің бір бөлігін кесіп, жалғап беріпті.
Ауыр ота сегіз сағатқа созылған. 60 жастағы тұрғынның отадан кейін жағдайы оңала түседі дейді дәрігерлер. "Мұндай отадан соң науқастың жаңа "тілі" тамақ ішуіне, тіпті сөйлеуіне мүмкіндік береді. Әдетте тілдің қатерлі ісікке шалдығуына адамдардың ішімдікке немесе темекіге әуестігі себеп болады", - дейді қатерлі ісіктер бойынша маман Дәурен Әділбай.

Серіктес жаңалықтары