«111» сенім телефонына хабарласатын қазақстандық балалардың саны көбейген

«111» сенім телефонына хабарласатын қазақстандық балалардың саны көбейген

«111» сенім телефонына хабарласатын қазақстандық балалардың саны көбейген
ашық дереккөзі
680

Балалар зорлық-зомбылығына қарсы күрес мақсатында іске қосылған «111» сенім телефонына айына 10 мыңнан астам қоңырау түседі. Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының» басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев мәлімдеді, деп жазады almaty.tv.

Қауырт желіге көбіне балақайлар үйдегі жан-жал кезінде, әлімжеттіктен теперіш көрсе немесе ересектер қол көтергенде көмек сұрай хабарласады. Балалардың сенім телефоны 2016 жылы іске қосылған еді. Қауырт желі мамандары жасөспірімдердің шағымын қабылдап, мазалған сұрақтар бойынша жеткіншектерге психологтар кеңес береді.

"111" қауырт желісі жұмысымен мақтана аламыз. Бұл – балаларды қолдау орталығы. Кез келген балақай сенім телефонына тегін хабарласа алады. Жалпы, бұндай қоңыраулардың саны айына 10 мыңнан асады. Мысалы, өткен жылдың небәрі үш айында колл орталыққа  30 мыңнан артық қоңырау түсті», - деді «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының» басқарма төрағасы Нұрлан ӨТЕШЕВ.

Нұрлан Өтешов мемлекет тарапынан Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінген грант қаржысы жайында да сөз қозғады.  Айтуынша, қаржыландыру 12 бағыт бойынша жүргізіледі. Олардың ішінде ең маңыздылары: еліміздегі діни, саяси және азаматтық-әлеуметтік ахуалды қамтиды. Биыл гранттарға республикалық бюджеттен 618 миллион теңге бөлініп, 57 жоба іске асырылған. Ал, келер жылы олардың саны 79-ға дейін артып, 900 миллион теңге шамасында қаржы бөлінбек. 

Серіктес жаңалықтары