Ресейден келген 40 тонна көкөніс кері қайтарылды

Ресейден келген 40 тонна көкөніс кері қайтарылды

Ресейден келген 40 тонна көкөніс кері қайтарылды
ашық дереккөзі
238
Қазақстан аумағына енетін азық-түліктің сапасына бақылау күшейтілді. Батыс Қазақстан облысында Ресейден әкелінген 40 тонна өнім екінші тексеру кезінде сапасыз екені анықталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Төменгі Новгород өңірінен жеткізілген 20 тонна картоптың арасынан алтын түстес құрттар шықса, Саратов облысының Энгельс ауданында өсірілген 20 тонна пияздан карантиндік өсімдік арам сояның тұқымы табылған. Бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы дақылдары үшін аса қауіпті деп саналады. Жасұлан Ешмұханов, ҚР АШМ БҚО аумақтық инспекциясының бөлім басшысы: - Екінші қайтара тексеру барысында ірІктеп алынған үлгілерден пияз өнімінен карантинді өсімдік арам сояу тұқымдары анықталды. Ол – карантинді өсімдік. Ауылшаруашылық дақылдарына үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың 318-ші ережесіне сай, жүкті кері қайтардық.

Серіктес жаңалықтары