Ақкөлдегі табиғи бақ Сара Назарбаеваның есімімен аталады

Ақкөлдегі табиғи бақ Сара Назарбаеваның есімімен аталады

Ақкөлдегі табиғи бақ Сара Назарбаеваның есімімен аталады
ашық дереккөзі
341
Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы табиғи баққа Сара Назарбаева есімі беріледі. Бұл туралы ішкі саясат басқармасының аймақтық коммуникация қызметі хабарлады. 
Жобаның тұсаукесері грант бөлушілердің WAKE UP-2017 форумында өтті. Жоба жұмысына аймақтық басқармалар мен Қазақстандағы туристік операторлар тартылған. Жобаны таныстырған "Тұрақты даму" қорының президенті Алан Бесеннің айтуынша, жобаның мақсаты - "Ақкөлде биосфера резерватын" құру. Оның сөзіне қарағанда, жоспардағы табиғи бақ туризм саласындағы бизнес жобалардың дамуына септігін тигізеді. Жобаны жүзеге асыру және бақты ашу мерзімі аймақтық және республикалық деңгейде таныстырылған соң белгілі болады. Алматыда 2010 жылы шілдеде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде (6 шілде, Қазақстан бұл күні Астана күнін атап өтеді) оның есімімен дендропарк ашылды. Назарбаев есімімен Астанада және Ақтөбеде саябақтар аталды.

Серіктес жаңалықтары