Жапон халқы темекіден бас тартудың жолын тапты

Жапон халқы темекіден бас тартудың жолын тапты

Жапон халқы темекіден бас тартудың жолын тапты
ашық дереккөзі
253
Жапондар темекіден бас тартудың ерекше амалын тауыпты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, токиолық маркетингтік компанияның бірі шылым шекпейтін қызметкерге қосымша демалыс күндерін бөлуді ұйғарды. Сөйтіп компания жат әдетке әуестердің санын азайтуға бет бұрды. Себебі темекімен әуестенбейтін өзге жұмысшылар шылымқор әріптестерінің үстінен басшылыққа шағым түсірген. Өйткені никотинге тәуелді қызметкерлер соның сылтауымен жұмыс уақытында сыртта жүреді. Арызданушы тарап мұны әділетсіздік деп санайтынын айтады. Жаңа ереже қыркүйек айынан бастап күшіне енді. 120 қызметкердің 30-ы жаңа бастаманың нәтижесінде демалысқа шығып үлгерсе, 4 жұмысшы саламатты өмір салтын ұстануға уәде беріпті. «Бізде ұсыныстар тасталатын жәшік бар. Оған жұмысшылар аты-жөндерін жазбай, басшылыққа ойларын жеткізе алады. Кейбір қызметкерлер шылым шегетіндердің үзіліс уақыты әлдеқайда ұзағырақ деп шағым түсірген», – дейді  кадр бөлімінің қызметкері Мин Катаока. «Мен көптен бері шылым шегуді тастағым келіп жүр еді. Енді міне осындай ереженің арқасында тіпті демалысқа да шыға алатын болдым», –  дейді маркетингтік компания қызметкері Сун Синбаба.

Серіктес жаңалықтары