159
Ұшақпен қатынайтын қазақстандықтардың саны артты
Ұшақпен қатынайтын қазақстандықтардың саны артты
Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ұшақ қызметін пайдаланған жолаушылар саны 2016 жылғы көрсеткіштен асып түскен. Бұл туралы деп ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 6,2 миллион адамды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 22%-ға көп (5,1 млн адам).
«Қазақстанда әуе жолаушыларының артуына «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде "ашық аспан" режимінің іске қосылуы, сондай-ақ, авиакомпаниялардың мүмкіндіктерін толықтай пайдалануы оң әсерін тигізді», — делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратынша, биыл маусым айынан бастап бір ғана Астана бағытында 10 халықаралық маршрут ашылды. Шетелдік тасымалдаушылардың қатысуымен Варшава, Будапешт, Хельсинки, Бейжің және Батуми бағытында, отандық әуе компанияларының тасымалдауымен Сиань, Киев, Минводы, Ереван, Дели бағытында жаңа әуе рейстері іске қосылды. Бішкек, Ыстанбұл, Бейжің, Лондон, Сеул, Новосібір, Екатеринбург, Омбы, Санк-Петербор, Ташкент, Тбилиси бағыттарына аптасына тағы 20 рейс ұшатын болды.
Сондай-ақ. Қазақстанның әуе нарығына LOT поляк әуе компаниясы, Wizz Air венгр лоукостері, финдік Finnair, сондай-ақ, қытайлық Air China қосылды.