267
Қарағанды мектептеріндегі жанжалды татуластыру қызметі шешеді
Қарағанды мектептеріндегі жанжалды татуластыру қызметі шешеді
Бұдан былай Қарағанды мектептеріндегі даулы, жанжалды жайттарды татуластыру қызметтері шешеді. Ілкі жоба екі білім мекемесінде іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Татуластыру қызметтерінің үйлестірушілері мектеп психологтары болады. Егер күрделірек жайттар кездессе, «Центр разрешения конфликтов - Диалог» ЖМ кәсіби медиаторлары көмекке келеді.
Мектептерде медиация туралы стендтер орнатылды. Қазан айында педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында медиация мәселелеріне қатысты бес семинар өтті.
№ 86 ЖББМ-де оқушылардың бастамасымен сенім поштасы жұмыс істей бастады, оған анонимді түрде хат жолдауға болады. Ал № 2 лицей негізінде мектеп оқушыларына медиация саласын түсіндіру жұмыстары басталды.