Іздеуде жүрген алаяқ әйел Алматы перзентханасында ұсталды

Іздеуде жүрген алаяқ әйел Алматы перзентханасында ұсталды

Іздеуде жүрген алаяқ әйел Алматы перзентханасында ұсталды
ашық дереккөзі
293
Павлодардың Май ауданында тұратын 31 жастағы әйел мен оның 33 жастағы жұбайы алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінген. Бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген келіншек  Алматыдағы перзентханалардың біріне босануға келген жерінен ұсталды,-деп жазды pavon.kz.
Ерлі-зайыптылар алаяқтық жолмен жұрттың сеніміне кіріп, 46 миллион теңге «жеген». Әйелі мен күйеуі аңқау адамдарды таныстары арқылы тауып, оларға арзан баспана сатып алуға көмектесуге уәде беріп, алдын ала төлемнің бір бөлігін алып отырған. Қарапайым халық уәдесінде тұрмаған әйелі мен ерін таппай қалып отырған. Полицияға болған жайт бойынша шағым түсіріп, алаяқтар іздеуде жүрген. Павлодар полициясы Алматыдан күдіктілерді алып келуге жедел түрде аттанған. Әйел босанасалып полицейлердің тергеуіне алынды. Қазір перзентхананы арнай жасақ қызметкерлері күзетіп тұр. Ал отағасы уақытша тергеу абақтысына жабылған.

Серіктес жаңалықтары