Ресейге барғысы келетін өзбекстандықтар емтихан тапсырады

Ресейге барғысы келетін өзбекстандықтар емтихан тапсырады

Ресейге барғысы келетін өзбекстандықтар емтихан тапсырады
ашық дереккөзі
255

Ресей мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, еңбек мигранттары алдымен өз елінде арнайы дайындықтан өтеді. Арнайы емтиxанды да тапсыруға тура келеді. РФ Мемлекеттік думасы ондай келісімді алғаш рет ратификациялап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат  Uz.uz сайтына сілтеме жасап. 

Аталған құжатқа сәйкес, Өзбекстан азаматтарына Ресейде жұмысқа тұру мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат беріледі. Үміткерлерді іріктеу, еңбек келісімшартын жасату - бәрі-бәрі жұмыс берушілермен пысықталады. Тіпті, Ресейдің білім беру жүйесі бойынша оқыту мен кешенді емтиxан тапсыру шаралары да қарастырылған.

Бұдан бөлек, еңбек мигранттарының денсаулығы, xалықаралық іздеуде бар-жоғы, істі болғаны, я болмағаны жан-жақты тексеріледі. Ал сынақтан сүрінбей өткендер үшін Ресейдегі жұмыс орнына дейін жеткізіп ғана қоймай, Өзбекстанға қайтару шаралары да атқарылады.

Айта кеткен жөн, Ресей шетелдік азаматтарды уақытша жұмысқа жүйелі түрде тарту туралы келісімді алғаш рет рәсімдеп отыр. Аталған құжатта осы елдің мүддесі толығымен ескерілген.

Серіктес жаңалықтары