Елімізде тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылды

Елімізде тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылды

Елімізде тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылды
ашық дереккөзі
260

Бұдан былай Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақовтың айтуынша, жүйе іске қосылғаннан кейін тұтынушы сатып алатын тауары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіліп, контрафактілік өнімнен қорғалады. Кәсіпкерлерге бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдай теңестіріліп, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау жүзеге асырылады.

Айта кетейік, қалдық тері бұйымдары бар кәсіпкерлер бүгіннен бастап 90 күннің ішінде тауарын таңбалаулары қажет. Ал импорттаушылар тері бұйымдарын еркін айналымға шығарған күннен бастап 30 күннің ішінде таңбалау жүргізуі тиіс. Таңбалауды жүргізу үшін ең алдымен шартқа отырып, GS1 Kazakhstan  қауымдастығынан GTIN нөмірін алулары керек. Жалпы таңбалауды «ISKER AKPARAT» ЖШС жүргізетін болады.

Таңбалауға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өндірген немесе әкелген қара күзен, саз құндыз, ақ түлкі не қызыл түлкі, үй қояны не қоян, жанат, қой терісінен жасалған киімдер жатады. Жеке тұлғалар өздері кию үшін әкелген тері бұйымдары бақылау, яғни сәйкестендіру белгілерімен таңбаланбайды.

Серіктес жаңалықтары