10 пәтер тонаған шетелдік ұсталды

10 пәтер тонаған шетелдік ұсталды

10 пәтер тонаған шетелдік ұсталды
ашық дереккөзі
432

Алматы облысында 10 пәтер тонаған шетелдік ұсталды. 50 жастағы ер адам Молдова елінің азаматы екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Шетел азаматын Қарасай аудандық ІІБ-ның полицейлері қолға түсірді.  Тәртіп сақшылары күдіктінің бір айдың ішінде тоналған 10 пәтердің ісіне қатысы бар екенін дәлелдеп берген. Ал ұсталған азамат көбіне  саяжайлардағы үйлерді тонаумен айналысқан.

Молдовалықтың сөзінше, оның Қазақстанға келгеніне бір жылдан асқан. Және ол төлқұжатын жоғалтып алдым деп ақталыпты. Ал өзінің туған елінде отбасы бар екен.

«Қазіргі таңда күдіктінің аты-жөні және  түсініктемесі арнайы база арқылы тексеріліп жатыр. Сондай ақ, оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталатын болады», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары