Әйеліне көлік сыйлаған полицей жұмысынан айрылды

Әйеліне көлік сыйлаған полицей жұмысынан айрылды

Әйеліне көлік сыйлаған полицей жұмысынан айрылды
ашық дереккөзі
278
Башқұртстан Республикасында полиция қызметкері әйеліне екі миллион рубль тұратын Mercedes сыйлаймын деп жұмыстан шығып қалды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасап Вaq.kz  хабарлады,  Видеодан Башқұртстан полицейі 8 наурыз қарсаңында әйеліне көлік сыйлап жатқан сәтін көруге болады. Аталған видео ақпарат құралдарының қолына қараша айында түскен. Жұбайын қуантқан ер адам экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасына жұмыс істейтін болып шықты. Кейін оған қатысты қылмыстық тексеру жүргізіліп, ақырында ол жұмысынан айрылып қалыпты. «Башқұртстанның ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі ведомствоның қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысына қатысты қызметтік тексеруді аяқтады. Оның барысында аталған қызметкердің жұмысы, оның заңнаманы ұстануы және қызметтік тәртіпті сақтауы толық тексерілді. Полицияның генерал-майоры Р.В. Деев тексеру қорытындысы бойынша қызметкерді ішкі істер органынан жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады», - деп жазылған республикалық ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары