288
"Қазпоштаның" 5 млн теңгесін жымқырған кассир кассаны тонау оқиғасын ұйымдастырды
"Қазпоштаның" 5 млн теңгесін жымқырған кассир кассаны тонау оқиғасын ұйымдастырды
Алматы облысында "Қазпочта" бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген кассирдің өтірігі әшекереленді, деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер барлық куәгерден жауап алып, зардап шегушіні медициналық тексерістен өткізді, сондай-ақ кассаға ревизия жүргізуге бастамашылық жасаған. Тергеу барысында зардап шеккен кассирдің түсініктемелерінде қарама-қайшылық бар екені анықталды.
"Қазпочта" бөлімшелерінің бірі тоналғаны туралы хабарлама Еңбекшіқазақ ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне 23 тамыз күні түсті. Арызда белгісіз біреу кассир қызға шабуылдап, 782 мың теңгені алып кеткені айтылған.
"Ревизия кезінде бес миллион теңгеге жуық қаржы жетіспейтіні анықталды. Кассир көп ұзамай кассадағы кем ақшаның орнын толтыру мақсатында тонау оқиғасын өзі ұйымдастырғанын мойындады", − деп аталып өткен ІІД-нің баспасөз релизінде.
Қыз енді жалған шағым түсіргені және қаржыны ысырап еткені үшін сот алдында жауап береді.