Ресей армиясындағы адам шығыны туралы деректер жарияланды

Ресей армиясындағы адам шығыны туралы деректер жарияланды

Ресей армиясындағы адам шығыны туралы деректер жарияланды
ашық дереккөзі
227
2012-2015 жылдары РФ армиясы сапындағы 2642 адам мерт болған. Бұл дерек  "Ведомости" газеті жариялаған Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлерді сақтандыру туралы құжатта көрініс тапқан.
Құжатта әскерилердің өлімінің себебі көрсетілмеген. Қорғаныс министрлігі 2010 жылдан бері әскери қызметін өтеп жүргендердің өлімі жайында мәлімет бермейді. Сарбаздардың ең көбі – 790 адам – 2014 жылы Украинаның шығысындағы соғысқа қатысқан кезде қаза тапқан деп есептейді Киев пен Батыс елдері. Киевтің мәліметі бойынша, Донбаста шамамен бес мыңға жуық ресейлік әскер соғысып жүр. Кремль болса, ресми түрде мұны жоққа шығарады. Олардың денін "еріктілер" деп атайды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей Сирияда әскери операция жүргізіп келеді. Онда қанша ресейлік әскер бары туралы мәлімет жоқ. Алайда БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қарағанда соңғы жылы кемінде 40 ресейлік қаза тапқан. Батыс елдері Ресейді Башар Асад режимін қолдап отыр деп айыптайды.

Серіктес жаңалықтары