"Муз-ТВ" сыйлығын табыстау рәсімі ерекше өтпек

"Муз-ТВ" сыйлығын табыстау рәсімі ерекше өтпек

"Муз-ТВ" сыйлығын табыстау рәсімі ерекше өтпек
ашық дереккөзі
285

Биыл «Муз-ТВ» сыйлығын табыстау рәсімі 5 маусымда Астана қаласында өтетіні белгілі. Ал бұл кешті көрермендер «Қазақстан», «Муз-ТВ», «Ю» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ресейлік «Му-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров хабарлады.

Астана-Арена стадионында өтетін «Муз-ТВ 2015 Гравитация» сыйлығын табыстайтын салтанатты кеш билеттерінің құны 1000-5000 теңге аралығында екен. Ауқымды шараны ресейлік шоу-бизнес өкілдері Максим Галкин, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева мен Андрей Малахов жүргізбек. Қазақстан тарапынан музыкалық бәйгенің қорытынды кешін Нұрлан Қоянбаев тізгіндейді деп күтілуде. Ал екінші жүргізушінің есімі әзірге құпия сақталып отыр.

Сондай-ақ, аталмыш шараның ұйымдастырушысы Арман Дәулетияров бұл кеште Батырхан Шүкеновке арналған арнайы нөмір де әзірленіп жатқандығын да айтты. Батырханның рухына арналатын арнайы нөмірге марқұмның достары мен туыстары да қатысады. Арман Дәулетияровтың айтуынша, Батырхан Шүкенов «А-Студио» тобының «алтын» құрамымен бірге осы кешке қатысуы тиіс болған. Өкінішке қарай, бұл ой жүзеге аспады.

«Муз-ТВ» сыйлығы – шоу-бизнес әлеміндегі аса маңызды шаралардың бірі. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ауқымды шараға әлемдік деңгейдегі жұлдыздар да шақырылмақ. Марапаттау рәсімінде Сhristina Aguilera, Katy Perry, Jennifer Lopez, Sharon Stone, 50 Cent, 30 Seconds to Mars, Tokio Hotel, Sum 41, Anastacia, Craig David, Pussycat Dolls, PSY, OLA сынды әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздары қатысады. Ал сыйлық иегерлері көрермендер мен академиктердің дауыс беруімен анықталады.

Серіктес жаңалықтары