10 жыл бұрын жоғалған әмиян ішіндегі бүкіл затымен иесіне қайтарылды

10 жыл бұрын жоғалған әмиян ішіндегі бүкіл затымен иесіне қайтарылды

10 жыл бұрын жоғалған әмиян ішіндегі бүкіл затымен иесіне қайтарылды
ашық дереккөзі
1385
2007 жылы әмиянын жоғалтқан швейцариялық азаматқа әмиян мен оның ішіндегі бүкіл  заты қайтарылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.   Петер Марку осыдан 10 жыл бұрын әмиянын Харкинген қаласындағы пошта қоймасының құрылысы кезінде жоғалтып алған, деп жазады 20min.ch. Әмиян ішінде оның құжаттары, несие картасы мен 500 франк ақшасы болыпты. Алайда ер адам үшін ескі 20 франктық банкнота ең қымбат болған. Ол 1989 жылы Косоводан Швейцарияға қоныс аударған күннен сол ақшамен өмірін бастап бойтұмар ретінде сақтап жүріпті. Әмияны жоғалған соң Марку әріптестерімен барлық құрылыс алаңын қарап шығып, таба алмаған екен. Алайда биыл бірнеше күн бұрын ер адамға Харкингендегі пошта орталығынан біреулер қоңырау шалып, қызметкерлерінің бірі оған тиесілі затты тауып алғанын айтқан. Сүйінші хабарды ала сала, дүниесін алуға барған Марку әмиян ішіндегілердің түгелі орнында екеніне көз жеткізді. «Швейцарлықтар шынымен өте әділ жандар екен», – дейді таңғалған Марку тілшілерге.

Серіктес жаңалықтары