234
Шымкент автобусында зейнеткердің 2 мың доллары мен банк карточкалары ұрланды
Шымкент автобусында зейнеткердің 2 мың доллары мен банк карточкалары ұрланды
Шымкентте қалта ұрлығын кәсіп еткен әйел зейнеткердің сөмкесінен 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкаларын қолды етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнеткердің полицияға жазған арызынан кейін ұрыны іздестіру жұмыстары басталған. Қария қоғамдық көлікте сөмкесіндегі әмиянынан айырылып қалғанын айтқан. Әмиянда 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкалары болған.
Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 1972 жылы туған әйелді ұстады. Тергеу барысында оның ұрлыққа қатысы бары расталды. Ол әмиянда табылған пин-код арқылы карточкадан 600 мыңнан астам тенгені де шешіп алған. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.