Шымкентте 558 отбасы қоныс тойын тойлады

Шымкентте 558 отбасы қоныс тойын тойлады

Шымкентте 558 отбасы қоныс тойын тойлады
ашық дереккөзі
248
Шымкентте 558 отбасы қоныс тойын тойлады. «Нұр сәт» шағын ауданына көшіп барғандардың дені шаһарда баспана кезегінде тұрған азаматтар, деп хабарлайды 24.kz. Бұл үйлер  «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші бағыты бойынша салынған. Жалпы аумағы 31,5 мың шаршы метрді алып жатыр. Биыл қалада 5 мың 52 пәтері бар  көп қабатты 83 үйдің құрылысы басталған болатын. Жыл соңына дейін  жалға берілетін 1 мың 152 пәтерлі  16 үйдің құрылысы аяқталады. Шымқалада  сондай-ақ 1200 орындық жаңа мектеп те пайдалануға берілді.«Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған білім ордасында 61 оқу кабинеті бар. Биология, физика, химия, информатика, мультимедиа-лингафонды оқу алаңдары мен  арнайы шеберханалар да жаңа үлгімен жасақталған. Қалада қазір 132 оқу ордасы жұмыс істейді. Оның үшеуі  үш ауысымды мектептер санатына жатады. Ғабит Нысанов, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:  - «Нұрсәт» мөлтек ауданында номері сексенінші бір-ақ мектеп болды. Онда 4200 ден астам бала білім алып келеді. Енді соның жарты баласы, яғни 2000-нан астамы осы мектепке келіп оқитын болады. Қалған екі мектептің мәселесін 2018 жылы мәселен Таскен мөлтек ауданында құрылысы жүріп жатыр. 600 орынға. Соңғы 87 мектепке қазір жобалау сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары