АҚШ-та жүрдек пойыз апатынан 6 адам көз жұмды

АҚШ-та жүрдек пойыз апатынан 6 адам көз жұмды

АҚШ-та жүрдек пойыз апатынан 6 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
260
АҚШ-тың Вашингтон штатында жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетіп, көпірден автожолға құлаған. Салдарынан 70-тен астам адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Ақпарат көзінің хабарлауынша, апаттан кемінде 6 адам қаза тапқан. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Оқиға Олимпия және Лейквуд қалалары арасында болған. Amtrak теміржол бірлестігіне тиесілі пойыздың неліктен апатқа ұшырағаны әлі анықталған жоқ. Осы жағдайға байланысты қазір тергеу жүріп жатыр. Пойызда 80-ге жуық жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Энтони Рэймонди, жолаушы:  – Бір жігіт терезені сындырып шықпақшы болды, мен оған төмен түсуге көмектестім. Сөйтіп екеуіміз пойыз астына түстік. Вагон ішінен біреулердің айғайлап жатқанын естілді, көп ұзамай жедел жәрдем көлігі жетіп келді.

Серіктес жаңалықтары