Қайырымдылық – мейірімдінің ісі

Қайырымдылық – мейірімдінің ісі

Қайырымдылық – мейірімдінің ісі
ашық дереккөзі
246
«Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалының  қоғамдық қабылдауына өткен жылы 181 адам өтініш білдіріп келсе, оның 120-сы оң шешімін тапқан. Бұл жалпы өтініштердің 60 пайызын құрап отыр. Кейбір өтініштер бойынша жауапты мемлекеттік орган қызметкерлері заң нормасы шеңберінде құқықтық кеңес берген. Ал 2 өтініш қаралу үстінде. Бұл – Өзбекстан мемлекеті мен Ресей Федерациясынан  көшіп келген азаматтардың қазақстандық төлқұжат алуы мәселесі бойынша келіп түскен өтініштер. Бұл мәселе бүгінгі таңда аудан прокурорының бақылауында. 2017 жылы аудандық партия филиалы зеренділік үш азаматтың өтінішін жерде қалдырмай, балаларының шет елдерде емделуіне қажетті қаражатты  қайырымдылық аукционы арқылы жинап берді. Зауре Меңдібеваның баласын Санкт-Петербург қаласында емдеу үшін аудандық мәслихат депутаттары көмек қолын созса, ал қалған екі өтініш иесі қайырымдылық аукционынан түскен қаражатты иеленді. Алексеевка ауылының тұрғыны Настя Локомина үшін ұйымдастырылған алғашқы аукцион кезінде Людмила Николавева бастаған бір топ депутаттар  800 мың теңге көлемінде қаржы жинаса, Шаймұрат есімді азаматтың отбасына  «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Химик» ЖШС, ауданның кәсіпкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер Израиль мемлекетінде емделу үшін 900 мың теңге көлемінде  қаражат  жинаған. Аталған сомалар қайырымдылық аукционы барысында науқас балалардың ата-анасына табысталды. «Ең қиын кезде тұрғындар «Нұр Отан» партиясына келеді. Кез келген адамның тағдырына немқұрайлы қарамай, қолдау білдіріп, көмек қолын созу біздің міндетіміз. Әр өтініш оң шешімін табуы қажет. Бұл біздің партиямыздың негізгі ұстанымы», ‒ дейді Зеренді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Аманжолова.

Серіктес жаңалықтары